АНАЛАР ЖАҢА МАМАНДЫҚҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Жақында көп балалы, жалғызбасты, мүгедек бала тәрбиелеп отырған, әлеуметтік жағынан аз қамтылған топқа жататын аналарды оқытуға, өз ісін ашуға жәрдем көрсету мақсатында өткен «Іскер ана» пилоттық өңірлік жобасы өз мәресіне жетті.

Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық ішкі саясат басқармасының «Азамат-тық орталығы» жүзеге асырып жатқан жобасы аясында ауданнан барлығы осы санаттағы 34 ана аспаздық, тігін ісі, компьютерлік сауаттылық, сән салон мастерлері, шаштараз мамандықтары бойынша оқу курстарынан өтті. Енді олар жеке бизнес ашу үшін арнайы сайтқа кіріп, өтінімді тап-сыру қажет.

Бұл жөнінде жоба ұйымдастырушыларының бірі «ЖасҰлан»ББЖҰ ҚБ-нің төрағасы Марта Қанатова «Бұл аналарға жаңа мамандықтар берумен қатар, оларға отбасының және жас ұрпақтың болашағына деген сенім сыйлайды», - дейді. Жоба соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификат табысталды. Үш күн ішінде біраз мәліметтер алып оны практика жүзінде жүзеге асыруға ниетті аналар жоба жетекшілеріне өз алғысын білдірді.

Ди ас АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521