ban2

Алыптар Дендеріне ескерткіш болып оралды

Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары аясында ұрпаққа үлгі, өткенге тағзым етудің шынайы үлгісіндей еңселі қос ескерткіш ашылды.

Атап айтқанда Индер ауданының орталығы Индербор кентінде жампоз жырау, сөз сүлейі Мұрат Мөңкеұлы және қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовтың ескерткіштері бойларын тіктеді.

Қасиетті топырақты жайлаған қалың елдің бұл қуанышын облыс әкімдігі мен қоғам қайраткерлер, Сенат және Мәжіліс депутаттары, қоғамдық ұйымдар өкілдері, БАҚ қызметкерлері көптеп қатысып, бөлісті.

5ee6c0b2-144c-43f2-bc7a-55928b9c2e55

Салтанатқа қатысушылар Қазақ және әлем әдебиетінде ойып тұрып орын алған 1843 жылы туып,1906 жылы 63 жасында Дендер топырағына жерленген Жарсуатта Мұрат Мөңкеұлына құран бағыштап, тағзым етті.

Мерекелік шараға қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов өзінің құттықтауын жеткізді. 

Аталған ескерткіштің биікті 7 м мүсіндік бөлігі қоладан құйылған. Авторы ҚР Суретшілер одағының мүшесі Жақып Құттыбек Тыныбекұлы.

 8a7aeab1-0d38-402f-9309-0e01386e898c


Туған жері Толағай ұлы Табылды Досымовқа ескерткіш орнатып, көркейтіліп жатқан жаңа саябақты көпшілік, әсіресе жастар сүйсіне жиналатын орынға әр мен тың мағына қосты.

Жан-жақтан бұл қуанышты хабарды естіп жиналғандар, достары 1965 жылы 15 шілдеде Индербор кентінде туып, 2010 жылы 16 қазанда дүниеден өтіп, Қаракей қауымына барып, дұға оқып, бет сипады. Гүл шоқтарын қойды.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Индер ауданының Құрметті азаматы Табылды Аяшұлы Досымовтың рухы Махамбет жатқан қасиетті топырақтың түндігін осылайша биік рухымен тербеді.

Ескерткіш композициясында 4,5 метрлік гранитке Табылды Досымовтың «Биіктік» өлеңі жазылған. Ұшар басындағы құс ақын мұрасының бүгінгі күнмен үндестігін көрсетеді. Мүсіндік бөлігі 2 м.60 см. Авторы ҚР «Мәдениет қайраткері», ҚР Суретшілер одағының мүшесі Бақытбек Ақажанұлы Мұхаметжанов.

Тұтас бір күнге созылған еске алу және тағзым етуге арналған шаралар легін орталық мәдениет үйінде «Мұраттан Табылдыға дейінгі: «Ұлылар үндескен күн» сахналық қойылымы мен концерттік бағдарлама қорытындылады.

С.ХАЛЫҚОВ.

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner