ban2

Алып сүйек табылды

Индер ауданы Есбол ауылынан алып сүйек табылды.

Әлеуметтік желідегі Ұзақбай Шахмет ағамыз таратқан "УАЗ" автокөлігіне сүйеулі тұрған бұл алып тоқпан жілік көпті елең еткізді.

Кейін білгеніміздей, сүйекті Есбол ауылының тұрғыны Досбол Байғалиев Жайық өзенінен тауып алыпты. Салмағы 26 кг болса керек. Ал көлікке сүйеп қойғандығына қарағанда ұзындығы 1 метр шамасында.

Жалпы аудандық музейде осындай ірі мамонттың сүйектері қойылған. Мүмкін бұл да сол дәуірдің жәдігері болуы мүмкін. Дегенмен ол жағын мамандардың құзырына қалдыралық.

Ж.ІСІМ

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner