Ғаламтор арқылы некеге тұру - тамаша мүмкіндік

Қазіргі таңда ғаламтор желісі арқылы негеке тұруға да болады. Яғни, бұл күйеу жігіт пен қалыңдыққа жасалып отырған тамаша мүмкіндік.

Бұл еліміздегі азаматтық хал актілерін тіркеу қызметіндегі ғана емес, электрондық үкіметтегі де тың жаңалық болып отыр. Неке қиюды тіркеуге берілген өтініш www.egov.kz электронды үкімет порталында толтырылады. Некеге тұру туралы өтініш берудің электрондық қызметі бірінші рет некеге тұрушы және электронды-цифрлы қолтаңбасы бар, сондай-ақ интернетке қол жетімділігі бар Қазақстан Республикасының азаматтарына таратылады.

Айта кететін жайт екінші не одан кейінгі некені тіркеуге өтінішті портал арқылы беру мүмкін емес. 2019 жылдың жарты жылдығында ауданымыз бойынша 34 жұп заңды некелерін электронды үкімет порталында тіркеуге өтініш білдіріп, неке қию туралы куәліктерін алған. Сонымен бірге, электронды өтініш беруді енгізу некеге тұруға өтінішті жазбаша түрде беру мүмкіндігінен айырмайтындығын ескерген жөн.

Дамыған шет елдерде бұл тәсіл бірнеше жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Онлайн тәсілмен құжат рәсімдеу - қазіргі таңда уақыт үнемдеудің ең тиімді тәсілі.

А.КАУКЕНОВА,

Индер ауданы әкімі аппаратының

бас маман-заңгері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521