Акция басталды

Республика көлемінде өтіп жатқан «Жолдағы қабылдау» және «Ауладағы қабылдау» атты акциялары ауданда 20-21 желтоқсан күні басталады.

Акция мақсаты - учаскелік полиция инспекторларымен өзінің аумағындағы тұрғындардың өзекті мәселелері бойынша, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көші-қон қызметі және қару айналымы бойынша түсініксіз жағдайларды халыққа кенінен түсіндіру болып табылады.

Екі күндік акция кезінде учаскелік полиция инспекторлары өзіне жүктелген аумақ тұрғындарын өзекті мәселелері бойынша қабылдап, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көші-қон қызметі және қару айналымы бойынша кеңінен түсінік береді.

Айта кетейік, акция аталған 20 желтоқсан күні 09:00-19:00 аралығында «Нұр Отан» партиясының ғимаратында және 21 желтоқсан күні 09:00-19:00 аралығында Индербор кенті, Махамбет көшесі, №20 үйдің астында орналасқан №1-ші учаскелік полиция пунктінде өткізіледі.

А.Сапаров,

Индер АПБ-нің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521