ban2

Әкім шыршасы балаларға шаттық сыйлады

​Жаңа жылға арналған дәстүрлі қайырымдылық шыршасын осы жолы аудандық білім және аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар, хал актілерін тіркеу бөлімдері «Grand Holl» мейрамханасында ұйымдастырып, оған 300-дей мүгедек, жағдайы жоқ отбасылар мен көптеген өнерлі оқушылар қатысты. ​

ayaz-ata

Аудан әкімі Мейірім Қалауи мен аудандық мәслихаттың хатшысы Бағдат Сапаров қатысқан мерекелік шарада аудан басшысы сәбилерді жаңа жылдарымен құттықтап, түрлі тәттілер толы сыйлықтар ұсынып, жадыратты.

akim-syjlyk

​Жаңа жылдық киімдерін киінген оқушылар шыршаны ортаға ала орналасқан түрлі тәттілер мен сусындарға толы үстелдерге жайғасып, дәм тата отырып, «Индер-Мәдениет» ККМК өнерпаздары дайындаған ертегілер мен ән-билерге құлақ түріп, қол соқты.

karn-kost

bi

Барлық балалар бүгінгі танымал темір адам мен басқа замануи ертегілер кейіпкерлері, «қорғаушылармен» бірге флешмоб биледі. Ескі доңыз жылымен қоштасып, табалдырықтан аттаған тышқанды қуған мысықтан арашалап алып, Аяз ата мен Қарша қыздың игі тілектерін ризашылықтарымен қол соқты. Өздерімен бірге жаңа жыл шыршасын айнала ән айтқан аудан басшыларымен әрқайсысымен суретке түскен балалардың бұл күнгі шаттығы көпке дейін ұмытылмасы анық.

dsc_1834

Ал оларға қуаныш сыйлаған аудандық білім бөлімі мен мектептер мұғалімдерінің де қуаныштарында шек болмады. Жаңа жыл баршаңызға да бақ-береке, осындай зор қуаныштарын ала келсін деген тілектерін бір-біріне арнады.

С.ХАЛЫҚОВ.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

strakhovaniya

Фотогалерея

Бейнебаян

Тегтер

Метки отсутствуют.

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Zhanai-min

Жанай Амантурлин Исламғалиұлы
- бас редактор

Aral-min

Арал Байжігітов
- бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы


Suieu-min

Сүйеу Халықов
- жоғары санатты тілші


salamat-min

Саламат Базарбаев Сансызбайұлы
- бірінші санатты тілші


Dias-min

Диас Айбаров Ағысұлы
- екінші санатты тілші

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

baner