ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚҚА ЖАНЫ ЖАҚЫН ЖІГІТТЕР

Құрылғандарына жылға жуық уақыт болмаса да елтайлық «Ниет» еріктілер тобы біраз қайырымдылық шаралар жасап келеді.

Айталық, ауыл тұрғыны Мерей Қабиев жетекшілік жасайтын құрамында 25-ке жуық елтайлық жастар бар бұл еріктілер тобы қазіргі күні әр ай сайын жағдайы төмен отбасылар мен мұқтаж жандарға азық-түлік таратуда. «Қайырымдылық жасау – бірінші мақсат» деп білетін ерікті азаматтар, тапқан табыстарының кішкене бөлігін қоғамға пайдасы бар игі істерге жұмсауда. «Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі»- деп М.Әуезов айтқандай, бұл іс әлі де жалғасын тауып, қайырымды жастарымыздың қатары көбейсе деп тілек білдіреміз.

Тоғжан САЙЫН,

Х.Досмұхамедов атындағы АтМУ студенті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521