Айыппұл төлемегендердің көлігі арнайы тұраққа қойылуда

Атырау облысында айыппұлын төлемеген 50-ге жуық жүргізушінің көлігі арнайы тұраққа қойылды. Көліктің 29-ы Ресей Федерациясында, 13-і Армения Республикасында тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Облыс аумағында 8 - 16 ақпан аралығында «Борышкер» жедел- профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Шара кезінде камера көмегімен анықталған жол ережесін бұзу фактісі бойынша салынған әкімшілік айыппұлды өндіру, тиісті органдармен бірлесіп борышкерлерді анықтау, айыппұлды төлеу қажеттігі туралы рәсімделген нұсқаманы құқықбұзушыларға тікелей тапсыру жүзеге асырылады», делінген хабарламада.

Екі күні ішінде полиция 50-ге жуық айыппұлын төлемеген жүргізушіні анықтап, көліктерін айыппұл тұрағына жеткізді.

Осының ішінде 20-ға жуық автокөлікті «Автоураган» көшпелі кешені анықтады.

Сондай-ақ, айыппұлы бар жүргізушілерге оның төлеу қажеттілігі туралы рәсімделген 130 нұсқама тікелей тапсырылды.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521