ban2

Айыппұл арқалағандар азаймай тұр

Жақында жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғалары санын төмендету, сондай-ақ жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын-алу мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

АПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің патрульдік полиция тобының қызметкерлерімен аудандық мемлекеттік кірістер өкілдері мамандарымен бірлесіп, іс-шара кезінде заңсыз автобустар мен такси арасында қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын жүргізушілерді әкімшілік құқық бұзушылықты анықтау үшін рейдтер жүргізілді. Нәтижесінде 32 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл жөнінде АІІБ ЖПҚБ ПП тобының қызмет инспекторы, полиция кіші лейтенанты Б.Сисенғалиев: - Рейд кезінде міндетті сақтандыру полюсіне тіркелуден жалтарған – 1 адам, көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзған – 9 адам, автокөлікті қайта жабдықтау яғни ЛЕД шамын орнатып басқарғаны үшін – 3 адам, көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды не радиостанцияны пайдаланғаны үшін – 7 адам, қауіпсіздік белдігін тақпай және жүктерді тасымалдау қағидаларын сақтамағаны үшін – 2 адам, құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқарғаны үшін – 3 адам, жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзгеде талаптарды бұзған адам бар. Оларға әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұлдар салынып және басқа да шаралары алынды,-дейді.

Өз тілшіміз.

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner