Айтылғанмен ауру азаймай тұр

Жуырда кент әкімдігі аппаратында бруцеллезге (сарып) шалдығу себептері мен салдарын талқылаған, аурудың алдын алу мен жою мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Мәселенің мәнісін кент әкімі А.Аймұратов түсіндірсе, ветеринария бөлімінің басшысы Ербол Бөкеев кентте бруцеллезді анықтау үшін жасалынатын барлық жұмыстар атқарылып жатқандығын тілге тиек етті.

Бөлім басшысы адамдардың дер кезінде тексерілмеуі, ауру жұқтырған кезде дәрігерге қаралмай, оны «суық тиді, басым ауырды» деп уақыт созып жүріп алуы да аурудың ушығуына, жұғуына әкелетіндігін ескертті. Адамдар арасында денсаулыққа жүрдім-бардым қараушылық, сонымен бірге 18-ге толмаған жасөсіпірімдердің мал шаруашылығында жұмыс істеген жағдайда малдан балаға ауру жұқтыру қаупінің өсетіндігін назарға салып, тазалық шарттарының сақталмауын баса айтты.

Ал, қоғамдастық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы А.Қосымбаева ауру ошақтары шықпас үшін ветеринарлық шаралардың тиісінше сақталуы, сонымен қоса, адамдардың бұл маңызды істе салғырттық көрсетпеуі, мал басының қозғалысын бақылау, барлық ветеринарлық шаралардың бұлжытпай орындалуы, ауру мал басының тез арада жойылуы қажеттігін түсіндірді.

Кең көлемде, мазмұнды өткен дөңгелек үстелді қорытындылаған кент әкімі А.Аймұратов жүргізілетін жұмыстарды бақылауды, ауруды анықтап, емдеу, жою жұмыстарын біріздендіруді және ветеринария бөлімінің әлеуметтік желілерін ашуды ұсынды.

Г.ИГІЛІКОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521