АЙФОН СЫЙЛАҒАН АЛМА

Индер ауданының тұрғыны Анастасия Черняева 1 кг алманы 350 теңгеге сатып алып, соның чегімен айфон ұтқан.

24 жастағы келіншек бұл үшін мамыр айының 1-інен бері өтіп жатқан республика көлеміндегі «Түбіртек талап ет те жүлдені ұтып ал» акциясы бойынша бағын сынап көрмек боп бірнеше түбіртек тіркеген. Ол қадамы олжа әкелетінін өзі де білмеген. Кейіпкеріміз:

– Бұрын-соңды мұндайларға сенбеуші едім. Мен күнделікті азық-түлік сатып алғандағы беретін түбіртектерді тіркеп көрейінші деп ойладым. Сөйтіп жүріп 30-дай чекті тіркеген екенмін. Шынымды айтсам, ұтысқа ие боламын деп мүлде ойлаған жоқпын. Қуанышымда шек жоқ, - дейді Каспий ньюстағы әріптестерімізге берген сұхбатында.

Бұл акция тамыздың 8-іне дейін жалғасып, күн сайын бір смартфон ойнатылады екен. Ойын шарты да қиын емес. Бар болғаны сауда орындарынан азық-түлік зат алғанда міндетті түрде түбіртек сұрап, кейін ондағы мәліметтерді ұялы телефондағы таңдау қосымшасына енгізуді қажет етеді. Бір айтар жайт, онда кез келген емес, фискальный чекті тапсыру ғана талап етілген.

Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары бұл акцияның тиімді жағы көп екенін, осы арқылы жарамсыз касса аппараттары анықталып және тұрғындар алдағы уақытта түбіртек талап етуді дағдыға айналдыратындығын айтады. Сонымен қоса бұл акцияға қатысу жағынан атыраулықтардың ең соңғы орында екенін мәлімдеп, белсенді болуға шақырады.

Бағыңды сынап көрсең бақытқа жеткізуі хақ, себебі жақында тағы бір жерлесіміз осылай бағы жанып, айфонға ие болғанын жазған болатынбыз.

«Дендер» - Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521