ban2

Қадірлі ұстазға көше аты берілді

Талапшыл ұстаз, білікті басшы бола білген, бұл күнде өмірден өтсе де есімі ел аузында аңыздай айтылып жүрген Нығмет Құлбаевтың атына Аққала ауылындағы көше есімін беру рәсімі өтті.

Ауыл тұрғындары мен ұстаз ұрпақтары жиналған мәнді де мазмұнды шараны Аққала ауылдық мәдениет үйінің директоры, танымал ақын Камалиден Ізімов ашып, алғашқы сөз кезегін округ әкімі Ербол Дүйшім алды. Бұл тек көше атын беріп қою ғана емес, осылайша өскелең ұрпаққа ұстаз есімі ұлықталып, наихатталатындығын айтса, ұлағатты ұстаздың замандасы Жоңқарбаев Жұмагерей де өзінің жылы лебізін арнаған соң, салтанатты түрде лента қиылып, көше атауы жазылған белгі-тақтайша ашылды.

Осыдан соң жиналған көпшілік Құлбаев Нығмет ағайға арналған Аққала ауылдық мәдениет үйінде өткен «Ұстаз – ұлы тұлға» атты шараны тамашалады. Ұстаз жөнінде бірге жұмыстас болған әріптестері Ислямғалиев Нәжмеден, Қосжанов Мақсот, Ибрашева Күнжамила, Әлиева Жеміс, Қидашева Күлима, Сағынова Сәбила апайлар сағыныш пен өнегеге толы тамаша ескірмес естеліктерімен бөліссе, шәкірттері Махашев Бағдат, Науанов Бағдат, Бөжекенова Кәмшат, Науанова Мәншүктер де тебірене сөйлеп, Нығмет ағайдың болмысын дараландырар қасиеттері туралы сөз етті.

Шара барысында өткен күндер белгісіндей болған естелік фотосуреттерден жасалған, мазмұнды бейнеролик пен слайд көрсетілсе, Аққала орта мектебінің жас өрендері қазақ биін, ұстаздың ұрпағы Талғатова Әсем мың бұрала билеп, Есалы Жұлдызай «Қос бәйтерегім» әнімен, мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Рафаэль Демеуұлы «Туған жер», Кенжеғалиева Алтынгүл «Ұстазыма» әндерін әуелете шырқап, шара шырайын келтірді. Соңында ұстаз ұрпақтары Аққала ауылдық мәдениет үйінің ұжымына ыстық ықыластарын білдірді.

Г.ЕСҚАЛИЕВА,

штаттан тыс тілші

Аққала ауылы.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

strakhovaniya

Фотогалерея

Бейнебаян

Тегтер

Метки отсутствуют.

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Zhanai-min

Жанай Амантурлин Исламғалиұлы
- бас редактор

Aral-min

Арал Байжігітов
- бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы


Suieu-min

Сүйеу Халықов
- жоғары санатты тілші


salamat-min

Саламат Базарбаев Сансызбайұлы
- бірінші санатты тілші


Dias-min

Диас Айбаров Ағысұлы
- екінші санатты тілші

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

baner