ban2

«Адасқандар» қойылымы аудан тұрғындарын ерекше әсерге бөледі

Жақында мәдениет үйінде өткен имандылықты насихаттау, жат ағымның жетегінде кетуден жастарымызды сақтандыруға бағытталған «Адасқандар» атты қойылымды аудандағы «Ақжайық» халық театры (режиссер Шайда Кәрімқызы) сәтті сахналап, көрермендерінің ризашылығына бөленді.

Жалпы драматург К.Жұмабековтің «Адасқандар» атты қойылымында дінді терең түсінбей, басқа ағымға ілескен жастардың өкінішті тағдыры баяндалған. Спектакльдегі басты кейіпкер Арманның санасының уланғаны соншалық, ол жан жары мен қаршадай баласын алып, ата-анасының ақылына да құлақ аспай, зар еңіретіп алыстағы Сирияға кете барады.

Жат елге барып, оңай жолмен ақша табам деген алдамшы ойы ақталмай, жұмақ дегені тозақ болып шығып, оқ пен оттың арасында қан кешіп жүрген лаңкестік топтың бір мүшесіне айналғанын, төте жолдан жаңылғанын кеш түсінеді. Сол өкінішті өмір аяғы ақыры өзі мен әйелінің де қаруластарының қолынан қаза табуына алып келеді. Бұл кезде жалғызының соңына қарайлап елде қалған байғұс ана да қайғы жұтып, о дүниеге аттанған екен. Бір отбасының қасіретке толы көрінісін көрген көрермен оларды елге қайтару үшін барған делегацияның көмегімен әзер туған жерге оралған немересі Жалғас аман-есен атасымен қауышқанда еріксіз көздеріне жас алды.

Сахна жабылған соң аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Тілепқалиева елімізде мұндай қасірет болмасын, жастарымыз діни сауатты болса екен дей келе, «Ақжайық» халық театры ұжымына, облыстағы «Ара» театрының әртісі Р.Сейтешов пен адасқан отбасы ұрпағының рөлін сомдаған М.Әуезов атындағы орта мектептің 6 сынып оқушысы Бекзатқа алғысын жеткізіп, сәттілік тіледі. Айта кетейік, көрермендердің сұрауына орай осы спектакль 1 желтоқсан күні тағы қойылады.

А.БОКИРОВА

Жарнама

banner_small

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Бейнебаян

Тегтер

Метки отсутствуют.

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Zhanai-min

Жанай Амантурлин Исламғалиұлы
- бас редактор

Aral-min

Арал Байжігітов
- бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы


Suieu-min

Сүйеу Халықов
- жоғары санатты тілші


salamat-min

Саламат Базарбаев Сансызбайұлы
- бірінші санатты тілші


Dias-min

Диас Айбаров Ағысұлы
- екінші санатты тілші

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

baner