ban2

Адалдықтың үлгісі Аташ еді

Махамбеттің жыры туған аталы, Асан қайғы, Сырым шыққан жотаны, қос қапталын қоныстанған Жайықтың Индер ауданынан әркім тауып жатады демекші тағылымды тарихы бар бұл ауданнан талай-талай марқасқа азаматтар, қабілеті қарымды қызметкерлер шыққан.

Солардың қатарында Досалиев Аташ Мерәліұлын атау орынды және ол ондай құрметке әбден лайық деп есептейміз. 1947 жылы екі жылдық мұғалімдер институтының тіл-әдебиет факультетін бітірген Атекең Есбол (қазіргі Индер) ауданының сол кездегі орталығы Кулагино селосындағы Жамбыл атындағы орта мектепте тарих, жағрапия пәндерінен сабақ беретін болып, еңбек жолын бастайды. Қоғамдық өмірге белсене араласып, көзге түседі. Конференцияда аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы болып сайланады. Сырттай оқып Орал пединститутын бітіреді.

1955 жылы аудан басшылығы А.Досалиевты Елтай орта мектебіне директор етіп жұмсайды. Бұл тарихы әріден басталатын аудандағы ең алғашқы орта мектеп, бірақ шағын селода оқушылар тым аз еді. Осы жайды ой елегінен өткізіп, оқу орнының болашағын ойлаған жас директор басшылық алдына мәселе қойып, ұсыныс жасайды. Сөйтіп аудан орталығындағы 100 балалық пансионды Елтай мектебіне көшіреді.

Материалдың толық нұсқасын "Дендер" газетінің 25.10.18 ж. №43 (8194) санынан оқи аласыздар.

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner