Адал дос адастырмайды

Данышпан халқымыз «Ағаш тамырымен, адам досымен мықты» деп жатады емес пе?! Жақында киелі Ақ Жайықтың жағасындағы Көктоғайдағы зейнеткер, ардақты азамат Қуанышкерей Сүлейменұлын Ертіс бойындағы Павлодардан сонау бір 1968 жылдары әскерде бірге болған қаруласы іздеп келіп, барша үлкен-кіші мәре-сәре болып қалды.

Бақсақ, «Ақылды дос адастырмайды» дегендей, ауылдасымыз, бұл күнде 75 жасты еңсерген Қуаныш Сүлейменұлы досына әскер қатарында көптеген жақсылықтар жасапты. Қос қазақ туған жерден алыста жүрсе де бір-бірін қиналғанда қолдап, жақсылықтар жасап отырыпты.

Оны неге бүгінгі Елбасы сөз арнап отырған жас ұрпаққа жеткізбеске деп ақ басты шашымызға қарамай қолымызға қалам алған жайымыз бар, ағайын. Негізі Қуанышкерей ақсақалдық жасына қарамастан өзінің табиғатына біткен ерекше тұнық даусымен елдің құрметіне бөленіп жүрген өнерпаз азамат. Оны бүкіл аудан, облыс жұрты мен ардагерлері әрдайым мақтан етеді. Сол қолдаудың арқасында ол Тәуелсіздік мерекесіне орай өнерден шашу жасап, барша ауылдастарына мәдениет үйінде концерт қойған болатын. Талант иесінің өнерін, арнайылап облыс, аудан орталықтарынан да қонақтар жиылып, тамашалаған еді. Сол концертке деген ризашылығымды жасыра алмай, ауыл-аймаққа хабарлап, фейсбук, ютуб әлеуметтік желілеріне де жариялаған болатынмын.

Толығырақ «Дендер» газетінің 11 сәуірдегі санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521