ban2

Қабаған ит пошташының соры

Қазіргідей ақпараттар тасқыны әлемді жаулап тұрған заманда, газет – журналдың, хат-хабардың сәл де болса қызмет ауқымы азайғаны жасырын емес.

Дейтұрғанмен оған сұраныс мүлде тоқтады, ақпараттық кеңістіктен шығып қалды деуге келмейді. Бүгінгі таңда аудан бойынша 11 100 дана газет-журнал (соның ішінде 4700 дана Индербор кентінде) таратылады. Бұл айтылғандардың сыртында мекемелер, жеке тұлғаларға келетін хат-хабарды тасып жеткізуде «Қазпошта» АҚ аудандық бөлімшесінің атқарып отырған қызметі айтарлықтай. Алайда ілгері істерімен қатар, іркілістер де жоқ емес. Әсіресе, жеке тұрғын үй иелерінің ит ұстау ережесін орындамау салдарынан пошта қызметкерлерінің (хат-хабар тасушылар) итке қабылу оқиғалары жиілеп барады.

Осы орайда тұрғын үй иелерінен иттерін байлап немесе елімізде қабылданған заңдылықтарға, ережелерге сай ұстауын сұраймыз. Сондай-ақ осыған құзырлы органдары – тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізсе екен, болмаса иесі анықталмаған, бұралқы иттерді аттыруға ұйтқы болса екен деген өтінішіміз бар. Сонымен қатар жеке тұрғын үйлер қақпа сыртына, көпқабатты үйлер пошта жәшігін ілулеріңіз сұралады. Пошта жәшігі болмаған жағдайда хат тасушылар газет-журналды есікке қыстырып кетуге мәжбүр. Кейін ол газеттер желмен ұшып кетуі мүмкін, сондай жағдайда оны жеткізбейді делінбесі үшін пошта жәшігін қондырғандарыңызды қалаймыз.

А.ЖОБАЛОВ,

аудандық пошта торабының бастығы.

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner