Ақымызды прокурор алып берді

Біз заң үстемдік құрған мемлекетте тұрып жатырғанымызға таяуда көзімізді  жеткіздік.

Оның үстіне ата-анадан ерте айрылып, дүниенің кермек дәмін ерте  татқан біздей өскелең жастарға мемлекет тарапынан әр кез қолдау көрсетіліп жүргенін де сезініп жүрміз.

Айтайын дегенім, өзім оқитын Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжіндегі 12 жетім баланың таяуда шәкіртақыға қосымша үстемақыға қолы  жетті.  Оларға бас-аяғы 1057222 теңге төленді. Әр теңгенің қадірін білетін  студенттерге бұл үлкен көмек қой.

Индер аудандық прокуратурасы тексере келе ҚР Үкіметінің 07.02.2008  жылғы  №116 қаулысымен бекітілген қағиданың кейінгі өзгерістеріне байланысты 2016 жылдың қаңтарынан бастап ата–анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға шәкіртақыға үстеме төлеу тәртібі орындалмағанын анықтады. Анықталған кемшілік қалпына келтіріп, ертең-ақ ел кәдесіне жарайтын біздердің болашаққа сенімімізді бекіте түсті. Осылайша аудандық прокуратураның қырағылығы, өз істеріне тиянақтылығы баршамызды бір қуантып тастады. Сол үшін де оларға алғысымыз шексіз.

Айта кетейін, мен дәнекерлеуші мамандығы бойынша 3 курста оқимын. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған мен қазір апа-әжемнің тәрбиесіндемін.

Нұрлыбек Меллатов,

Индер көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжінің студенті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521