ban2

60 жыл тұрғаны үйі тіркеуде жоқ болып шықты

Кезіге қалсаң адамдар әртүрлі шаруаларын айтып жатады.

Солардың бірі есболдық Ғ.Кенжеғалиев алпыс жыл ауылда тұрса да оның үйі тіркеуде жоқ болып шығыпты.

- Үйдің құжаттарын өзіме аударуға келгенде қиындыққа тап болдым. Үйім де, жерім де тіркеуде болмай шықты. Мемлекеттік акт бар. Соған сүйеніп жүре беріппіз. Оныншы рет келіп тұрмын. Кеше үйге телефон соқты. "Әділет басқармасынанмын, кеше сіз бір құжаттарыңызды тастамай кетіпсіз" дейді. Мен айтамын "алдыңызға бәрін апардым керегін алмайсыз ба?" деп.  Жасым жетпіске келгенде бұлай жүріс оңай емес. Үйге, жерге салығымды төлеп отырмын. Сонда тіркеуде болмаса қалай төлеп отырмын,- дейді ол.

Сондай-ақ 1982 жылдан Индербордың тұрғыны Берік Орынбаев мекен жай анықтамасын алуға барғанда оның жұбайы базы да болмай шығыпты. – Балаларыммен бәріміз тұрмыз. Әйелім жоқ. Ал сайлау болғанда басқаларына келеді де маған билет келген жоқ.  Ол қалай?-деп таңғалады.

Есболдық тұрғынға байланысты округ әкімі Е.Сабировқа хабарласқанымызда:  –Тұрғындар құжаттарына салғырт қарайды. Тіпті үйінің құжаты түгел болмаса да енді оны кім тартып алар дейсің деп отыра береді. Шын мәнісінде олай емес қой. Бүгінде Әділет басқармасы барлық тұрғындарға толық түгендеу жұмыстарын жүргізіп жатыр,-десе, Әділет басқармасының басшысы Л.Бағытжанованың айтуы бойынша қандайма жағдай болмасын тұрғындардың өздерінің өтініштері бойынша тіркеуге алу, шығару жұмыстары жүргізіледі екен. Бұл туралы адвокат Қ.Маштахов кезінде техникалық түгендеу бюросы болды. Соған жергілікті билік жылжымайтын мүліктерді тіркетті. Сол кезде маманның  жауапсыздығынан тіркелмей қалуы мүмкіндігін, ал салығын төлеп отырған тұрғынның еш кінәсі жоқтығын айтады.

Осы бір түрғынның жанайқайының өзі әлі де болса түгендеу жұмыстары түгелдей жүргізілмегендігін аңғартатындай. Ал атсабылтып ауылдан келген ағайын жүйкесін тоздырып әлі қанша күн жүреді екен?! 

Ж.ІСІМ.

Жарнама

banner_small

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Бейнебаян жаңалығы

Жарнама

banner_small

baner