"6 КҮНДЕ 34 МЫҢ ТЕҢГЕ ТӨЛЕДІМ"

Кәсіпкерлермен кездесуде индерлік кәсіпкер Ерлан Меңдешов кәсіпкерлерге суды қымбатқа беріп отырғанына ренішін білдірді.

-Мейрамханам 6 күн жұмыс жасағанда төлемақысы 34 мың теңгеге шықты. Егерде 1 ай толық жұмыс жасаған болсам судың төлемақысының өзі 200 мыңға шығады екен. Сонда басқа коммуналдық шығындарды қайтпекпіз, -дей келе, мейрамханасына су мен газ құбырларын жүргізу барысында қиындық көріп қалғанын, кейбір мекемелер мәселенің түбегейлі шешілуіне мән бермейтінін ашына жеткізді.

Кәсіпкер Игілік Қанатов шағын дүкен болса да оның коммуналдық төлемдері өте жоғары болатындығын, осы орайда жас кәсіпкерлерге несие бергеннен кейін қайтарымына жеңілдік беру қажеттігін көтерді. Яғни әлі қоры жоқ, тәжірибесі аз кәсіпкер несиені ала сала келесі айдан бастап қалай төлемек.

Ал аудандық мәслихат депутаты Әлия Қарашина кәсіпкерлер арасында газдың қазандығы мен мұржасын тексерушілердің көптігіне ренішін білдірсе, Есентай Дәуітбаев сүт зауытының қажеттілігі мен қарасуға су келмей, шаруашылықтарға қиындық келтіріп отырғанын назарға салды.

Ал аудан әкімі Мейірім Қалауи жиында көтерілген осы және басқа да мәселелерге орай тиісті сала басшыларына тапсырмалар беріп, кәсіпкерлерді қабылдауға, қолдауға әрдайым дайын екенін жеткізді.

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521