5 КЕЛІ БАЛЫҚ АУЛАУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ

Жайық өзенінде әуесқой балық аулаушыларға 15 маусым айынан бастап 5 ілмекті қармақпен бір шыққанда 5 кг балық аулауға рұқсат етіледі.

Бастысы – балық аулаушылар өздерімен бірге жеке куәліктерін көрсетуі тиіс. Қазіргі таңда рұқсат етілген балық аулау аймақтарына белгі қойылды. Рұқсат етілген балық аулау құралдарына қармақ сап (қалтқы, жерлица, шеңберлі, кішкентай жалтырауығы бар қысқы қармақ - мормышка), түрлі спиннингтер жатқызылады. Балық қыстайтын шұңқырлардан және қараңғыда балық аулауға тыйым салынады. Сонымен қатар, рұқсат етілмеген балық аулау құралын пайдалануға, қармақсаптағы ілмектер санын көбейтуге, құрма аумен көпір астынан аулауға, мас күйінде балық аулауға болмайды. Әйтпеген жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 383-1-бабы және 3-бабы бойынша (балық аулау ережесін бұзу) жеке тұлғаларға 5-тен 10 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады.

А.ХАСАНОВА,

Индер аудандық инспекция бөлімінің бас маманы

Сурет: ашық дереккөзден алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521