250 қойдың ісі бұл жиналыста қайта көтерілді

Жақында аудандық полиция бөлімінің бастығы Берік Жанұзақов өткен жыл бойына атқарылған жұмыстары бойынша аудан тұрғындарына есеп берді. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов қатысты.

 

Полиция бөлімінің бастығы Берік Жанұзақов баяндамасы бойынша ауданда былтыр 78 қылмыс тіркелген. 2017 жылы бұл көрсеткіш 87 болғандығын ескерсек, қылмыс деңгейі 10,3% төмендеген. Қылмыстардың ашылуы 80% құрайды екен.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 177 жасөсіпірім полицияға жеткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүріп, олардың ата-аналарына тиісті шаралар алынған. Отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшыраған 81 арыз-шағым түссе, оның ішінде отбасы тыныштығын бұзғаны үшін -56 адамға, отбасында ұрып-соғу фактісі бойынша -25 адамға қатысты хаттама толтырылып, сотқа жолданып, тиісті шаралары алынған.

Тұрғындар арасынан сөз алған Жолдасқали Өмірбаев полицияның атқарылған қызметіне оң бағасын бере келе, өзекті мәселесін де ортаға салды.

-Аудандық газетте бір шаруа қожалығынан 200 қой бір мезетте жоғалғаны туралы жазылды. Бірақ орын алған қылмыстық оқиғаның тексеру барысы қалай жүруде? Кінәлілер анықталды ма? Жазасы неге берілмейді? – дей келе, полицейлерге жариялылықтың жетіспейтіндігін, орын алған ұрлықтардың анықталуы белгісіз қалатындығын, жалпы қылмыстарды қайталанбасы және алдын алу бағытында халықпен бірлескен жұмыстың маңызды екендігін атап өтті.

Толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521