21 жастағы жігіт Түйе палуан атанды

Наурыз мерекесіне орай жастар арасында қызықты да тартысқа толы дәстүрлі спорт сайыстары да жалғасын тапты. Айта кетейік, спорттың қазақша күресі, кір тасын көтеру және қол күресіне сайдың тасындай іріктелген, кілең мықтылар қатысты.

Тіпті ауылдық-округтерден келіп, ынта білдірген жастардың да қарасы қалың болды. Әсіресе қазақ күресінің ақтық мәресі тіптен бөлек. Себебі, түрлі жарыстардың жеңімпазы Ф.Қазмұхашев пен Ш.Нұғымашовтың боз кілемдегі белдесуі көптің ойында біразға дейін жүрері шындық. Белдесуде екеуі де бір-бірінің айла-тәсілдерін жақсы білді. Жалпы екеуіде талай дүбірлі жарыстарда ысылған балуандар. Дегенмен де бұл күні 21 жастағы Шерханның бағы жанып, ұрымтал тұсты пайдаланып, аса жылдамдықпен шапшаңдылықпен қарсыласын қапы қалдырды.

Осылайша 21 жастағы жас жігіт «Түйе балуан» атанды. Ал қол күресі мен кір тасын көтеруде Руслан Дюсебалиев пен Бейбіт Төрекешов бірінші орынға қол жеткізсе, жүлдегер жігіттерге арнайы медальдармен, ақшалай сыйлықтар табысталды. Жалпы спорттық сайыстарға «Мұнай айдау стансасының» басшысы Шапхат Құмашев пен «Таңат» ПИК басшысы Бейбіт Ілиясов демеушілік жасады.

Д.АЙБАР.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521