ban2

123 мал бруцеллез ауруына шалдыққаны анықталды

Аудандық ардагерлер бөлмесінде дәстүрлі денсаулық сабағында аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қауіпті аурулармен күрес бөлімі маманы Айгүл Шахаева ауданда барлығы 123 мал бруцеллез ауруына шалдыққаны анықталып, ол дерт үлкендермен қатар балаларға да жұғып жатқанын баяндап, сақтандыру жұмыстарының бағыттарын таныстырды.

-Бұл дерт малы жоқ жандардың өзіне жұғып, дәрігерлер мен ветеринарларды, жалпы аудан жұртшылығын қатты алаңдатып отыр. Сондықтан да базарлар мен жеке адамдардан малдың еті мен сүт, қаймақ, тіпті құрт алғанда да қатты сақ болыңыздар. Көп жағдайда сатушылардан арнайы мал дәрігерлерінен алынған анықтамаларды талап етіңіздер,-деді сала маманы сақтық шараларын қайталай келе.

Әсіресе, Өрлік, Елтай, Есбол ауылдарында өршіп тұрған бұл дертпен күреске жеке тұрғындар мен мал иелері белсене үлестерін қосса ғана істің нәтижесі оң болатыны нақты айтылды. Сөз алған ардагерлер Е.Көшек, Қ. Ғабсаламаов,Т. Каюбалиева, С. Жұқиев, Ә.Аманғалиева және тағы басқалары базарлар мен сауда орындарында «мына жерлерден мал мен оның етін, сүтін, тағы басқасын алғанда қатты сақ болыңдар» деген ескертулер, ақпараттар көптеп жазылып ілініп, не радио арқылы сол орындарда хабарланып тұрмайды деген сұрақтарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды.

С.БИСЕНОВ.

Жарнама

banner_small

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Бейнебаян

Тегтер

Метки отсутствуют.

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Zhanai-min

Жанай Амантурлин Исламғалиұлы
- бас редактор

Aral-min

Арал Байжігітов
- бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы


Suieu-min

Сүйеу Халықов
- жоғары санатты тілші


salamat-min

Саламат Базарбаев Сансызбайұлы
- бірінші санатты тілші


Dias-min

Диас Айбаров Ағысұлы
- екінші санатты тілші

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

baner