100 ОРЫНДЫҚ ЖАТАҚХАНА САЛЫНУДА

Индер көпбейінді ауылшаруашылығы колледжінің 100 орындық жаңа жатақханасы да бой түзеп қалды.

Колледж ғимаратының жанына басталған нысанның аумағы 564 м2 қамтиды, 4 қабаттан тұрады. Құны 454 709 803 теңге болатын нысанының құрылысын «Ақ Жол құрылыс» ЖШС атқаруда. Учаске басшысы Арман Қайыржанов жергілікті жердің азаматы екен. Ол нысанның құрылысы биылғы сәуір айында басталып, жоспарға сәйкес жүріп жатқанын қаперге берді. Ғимараттың негізгі каркасы бетоннан құйылып, қабырғалары газоблоктан қалануда. -Қазір учаске басында 27 адам еңбек етуде. Оның ішінде жергілікті мамандар да бар. Құрылыс жұмысын биылғы қазан, қараша айларында аяқтауды жоспарлап отырмыз. Оған толық мүмкіндігіміз бар, - деді учаске басшысы Арман Амандықұлы.

kooledj222

Саламат БАЗАРБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521