ӨЗІҢНЕН БАСТА ЧЕЛЛЕНДЖІ ЖАЛҒАСУДА

Тазалық – қоғамның айнасы, мәдениеттің бастауы. Елімізде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауданымызда бірқатар игі бастамалар қолға алынып, қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Солардың бірі – Мақат аудандық Жастар ресурстық орталығының бастамасымен ұйымдастырылған «Өзіңнен баста» әлеуметтік желілік челленджі. 

Челлендждің негізгі мақсаты – тұрғындарды тазалық мәдениетін сақтауға шақырып, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау дағдысын қалыптастыру.

Аталған бастама аясында жастар мен аудан тұрғындары өз аулаларын, көшелер мен қоғамдық орындарды тазалап, атқарылған жұмыстарын әлеуметтік желілерде жариялап, өзгелерді де игі іске үндеуде. 

Бұл өз кезегінде экологиялық мәдениетті қалыптастырып қана қоймай, туған жердің көркеюіне де оң әсерін тигізуде.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қоршаған ортаның тазалығы әр азаматтың жеке жауапкершілігінен басталады. Сондықтан челленджге қатысушылар тазалықты тек сенбілік күндері ғана емес, күнделікті өмір салтына айналдыруға шақыруда.

Осындай игі бастамалар арқылы аудан тұрғындары табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауға және туған өлкенің тазалығын сақтауға өз үлестерін қосып келеді.

MT

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT