"Жасыл ел" сарбаздары тазалыққа өз үлесін қосуда

Таза Қазақстан акциясы аясында ауылымыздың “Жасыл ел” еңбек жасағының жастары абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына белсенді қатынасуда.
Аталған жұмыстардың басты мақсаты - қоршаған ортаның тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жастардың туған жерді көркейтуге деген жауапкершілігін арттыру.
“Жасыл ел”еңбек жасағының мүшелері жазғы еңбек маусымында ауданның көркеюіне өз үлестерін қосып, елді мекендердің тазалығы мен сәулетті келбетін қалыптастыру жолында еңбек етуді жалғастыруда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT