Жайықтың балық қоры тағы да толықты

Жуырда мемлекеттік тапсырысты орындау аясында Атырау бекіре өсіру зауытында (Еркінқала ауылы) бекіре тұқымдас балық шабақтарын табиғи мекен ету ортасына жіберу рәсімі өтті.


Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, жергілікті атқарушы органдар, Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының Атырау филиалы және «Qazaq Balyq» республикалық балық шаруашылықтары мен акваөсіру қауымдастығының Атырау филиалы өкілдерінен құралған комиссияның қатысуымен Жайық өзеніне барлығы 2 миллион 603 мың бекіре тұқымдас балық шабағы жіберілді.
Оның ішінде 9,7 грамм салмақтағы 200 мың тікен (шип), 7 грамм салмақтағы 1 миллион 160 мың орыс бекіресі және 3 грамм салмақтағы 1 миллион 243 мың шоқыр шабағы табиғи ортаға жіберілді.

Алмас ҚАБДОЛ
Сурет интернеттен алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT