«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Махамбет ауылдық округі әкімі аппараты мен Махамбет аудандық Жастар ресурстық орталығы бірлесіп, «Жасыл ел» еңбек жасағы сарбаздарының Жайық өзені жағалауында атқарып жатқан жұмыстарына мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында аумақты абаттандыру және тазалық жұмыстарының орындалу барысы бағаланып, жастардың еңбегіне оң баға берілді. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бұл бастама ауылдың тазалығы мен көркеюіне айтарлықтай үлес қосып келеді.
Іс-шара барысында ауылдық округ әкімінің орынбасары Т. Бертлеуов еңбек жасағының жұмысымен танысып, Жастар ресурстық орталығы ұжымына және белсенді сарбаздарға алғыс білдіріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.
Айта кетейік, «Жасыл ел» бағдарламасы жастарды еңбекке баулумен қатар, қоршаған ортаны қорғауға және туған жерге деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды жоба болып табылады.



