Жуырда Жылой аудан әкімі Жұмабек Қаражановтың төрағалығымен жиын өтіп, оған кент және ауылдық округ әкімдері, жауапты бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.
Басқосуда «Таза Қазақстан» акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен аудан әкімінің қала аралау барысында санитарлық тазалыққа қатысты берген тапсырмаларының орындалуы қаралды.
Аудан басшысы елді мекендердің тазалығын тұрақты бақылауда ұстауды, абаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ тұрғын үйлердің айналасын таза ұстау, жасыл желектерді күтіп-баптау мәселелеріне ерекше назар аударып, жауапты тұлғаларға жұмысты қатаң бақылауға алуды ескертті.
А.Мейрамбайқызы


