«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Теңіз ауылдық округінде кезекті сенбілік ұйымдастырылып, аумақты абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу қолға алынды.
Іс-шара барысында ауыл көшелері мен қоғамдық орындардағы қоқыстар жиналып, арнайы қоқыс контейнерлерінің іші тазартылды. Сонымен қатар, тұрмыстық қалдықтар шығарылып, айнала ретке келтірілді.
Мұндай жұмыстардың басты мақсаты – ауылдың тазалығын сақтау, тұрғындарға қолайлы әрі таза өмір сүру ортасын қалыптастыру және экологиялық мәдениетті арттыру. Тазалық шаралары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.


