Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жарсуат ауылдық округіне қарасты мекемелерде сенбілік жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Ауыл тазалығын сақтау, қоршаған ортаны көркейту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатындағы жұмыстар өз жалғасын табуда.
Сенбілік барысында мекеме қызметкерлері ауыл көшелері мен қоғамдық орындардың тазалығына ерекше мән беріп, аумақтарды күл-қоқыстан тазартты. Сонымен қатар, жол жиектері ретке келтіріліп, ағаш түптері әктеліп, қураған шөптер мен тұрмыстық қалдықтар жиналды. Тазалық жұмыстарына арнайы техникалар тартылып, жиналған қоқыстар белгіленген орындарға шығарылды.
«Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты – қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Бұл бастама ауыл тұрғындарының белсенділігін арттырып, туған жерге деген жанашырлықты күшейтуде.
Тазалық – баршаға ортақ міндет. Сондықтан туған ауылымыздың тазалығын сақтау әрбір азаматтың жауапкершілігі болып қала бермек. Жарсуат ауылдық округінде қолға алынған сенбілік жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.

