«Таза Қазақстан»: нақты нәтижелер мен ортақ міндет

«Таза Қазақстан» акциясы аясында елімізде ауқымды экологиялық жұмыстар жүргізілуде. 2025 жылы республика бойынша 1 250 экологиялық іс-шара өткізіліп, 3 миллионға жуық ағаш отырғызылды. 1 миллион гектардан астам аумақ тазартылып, 800 мың тоннадан астам қалдық жиналды.

Сонымен қатар заңсыз қоқыс орындарын жою жұмыстары жүргізіліп, 2025 жылы анықталған 3 833 полигонның шамамен 80 пайызы жойылды. «Жасыл ел» жобасына 35 мыңнан астам қазақстандық қатысты.

2026 жылғы қыркүйектегі мәлімет бойынша, жыл басынан бері экологиялық іс-шараларға 7 миллион қазақстандық қатысқан. 130 мың гектардан астам аумақ тазартылып, 1,3 миллион ағаш отырғызылды. Сондай-ақ 84,3 мың аула тазартылып, 689 ескерткіш пен 211 саябақ және сквер ретке келтірілді. Нәтижесінде 139,4 мың тонна қалдық шығарылды.

Бұл көрсеткіштер акцияның ауқымы мен қоғамның табиғатты қорғауға деген белсенділігін көрсетеді.

Қорыта айтқанда, «Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды бастама. Туған жердің тазалығы – баршамызға ортақ міндет.

Айнагүл Шакупова, 

Құрманғазы ауданы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT