ТАҢДАЙ АУЫЛЫНДА КӨШЕ ЖАРЫҚТАРЫ РЕТКЕ КЕЛТІРІЛУДЕ

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Махамбет ауданы Бақсай ауылдық округіне қарасты Таңдай ауылында абаттандыру және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

 

Ауыл көшелеріндегі жарықтандыру жүйесінің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс барысында жарамсыз шамдар ауыстырылып, жарықтандыру желісіндегі анықталған ақаулар ретке келтірілуде.

 

Көше жарығының талапқа сай болуы – тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етудің маңызды бөлігі. Әсіресе кешкі және түнгі уақытта елді мекен көшелерінің жарық болуы тұрғындарға қолайлы жағдай қалыптастырады.

 

Аталған жұмыстар ауыл аумағын абаттандырумен қатар, елді мекеннің тазалығы мен көркейтілуін қамтамасыз етуге бағытталған. Тиісті жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

 

Г.ЖОЛДАСҚАЛИҚЫЗЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT