Мақат ауданында аумағында қоршаған ортаның тазалығын сақтау және елді мекендерді көркейту мақсатында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.
Тазалық жұмыстарына мекеме ұжымдары мен кәсіпорын қызметкерлері, сондай-ақ аудан тұрғындары белсене атсалысты. Бірлікпен қолға алынған жұмыс барысында көшелер мен қоғамдық орындар ретке келтіріліп, арамшөптер шабылды. Сонымен қатар, аумақтарды абаттандыру және көркейту жұмыстары жүргізілді.
Тазалық шарасы – тек қоршаған ортаны жақсартуға ғана емес, тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға да бағытталған. Көпшілік болып ұйымдастырылған сенбілік елді мекеннің ажарын ашып, тазалық мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосты.
“Таза Қазақстан” бастамасы аясындағы жұмыстар аудан көлемінде тұрақты түрде жалғасып, қоршаған ортаны таза әрі қолайлы ұстауға бағытталған игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
MT


