Мұқыр ауылдық округінде және округке қарасты барлық елді мекендерде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды сенбілік ұйымдастырылып, санитарлық-тазалық жұмыстары кең көлемде жүргізілді.
Іс-шара барысында ауыл көшелері, қоғамдық орындар, мекеме аулалары, саябақтар мен скверлер, балалар ойын алаңдары және жол жиектері қоқыстан тазартылып, бей-берекет өскен шөптер шабылды. Сонымен қатар, тұрмыстық қалдықтар арнайы техникамен шығарылып, ауыл аумағын абаттандыру және көркейту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде атқарылды.
Сенбілікке округ тұрғындары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ұйым ұжымдары, еріктілер мен белсенді жастар белсене қатысып, туған жердің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты. Бірлескен еңбек нәтижесінде ауылдың санитарлық жағдайы жақсарып, тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жұмыстарға ерекше көңіл бөлінді.
Таза қоршаған орта – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін тағы бір мәрте дәлелдеген бұл игі бастама жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тұрғындардың белсенді қолдауына ие болды. Алдағы уақытта да округте тазалық пен абаттандыру бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасын табады.
өз тілшіміз



