МАХАМБЕТ АУЫЛЫНДАҒЫ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

Махамбет ауданы Махамбет ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Темірлан Бертлеуов «Таза Махамбет» мекемесінің жауапты қызметкерлерімен кездесіп, ауыл аумағының санитарлық тазалығы мен абаттандырылу жағдайын талқылады.

 

Кездесуде ауыл көшелері мен қоғамдық орындардың тазалығын тұрақты бақылауда ұстау, анықталған кемшіліктерді дер кезінде жою және абаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу мәселелері қаралды.

 

Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылатын күзгі сенбіліктерге дайындық барысы сөз болды. Жауапты қызметкерлерге тазалық жұмыстарына қажетті техникаларды уақытылы жұмылдыру, олардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және бекітілген аумақтардың санитарлық жағдайын күнделікті бақылау тапсырылды.

 

Ауыл аумағының тазалығы мен көркейтілуіне бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасып, тапсырмалардың орындалуы бақылауда болады.

 

Г.СӘДУАҚАСОВА

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT