Еліміз бойынша жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына Көздіғара ауылының жастары да белсенді үлес қосты. Акция аясында ұйымдастырылған сенбілікке ауыл жастары мен «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары қатысып, елді мекеннің тазалығы мен көркеюіне бағытталған жұмыстар жүргізді.
Сенбілік барысында көше бойлары, қоғамдық орындар мен мекемелердің айналасы қоқыстан тазартылып, аумақты абаттандыру жұмыстары атқарылды. Жастар қоршаған ортаны таза ұстау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін іс жүзінде дәлелдеп, ұйымшылдық пен белсенділіктің үлгісін көрсетті.
«Жасыл ел» сарбаздарының еңбегі ауыл тазалығын сақтауға ғана емес, жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға да зор ықпал етуде. Мұндай игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, туған жерді таза ұстау ісіне кеңінен серпін беретіні сөзсіз.
Нұрсәуле Жауынбаева


