Көздіғара округі бойынша ауыл аумағының тазалығын сақтау, қоршаған ортаны абаттандыру және санитарлық жағдайды жақсарту мақсатында сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілік барысында ауыл ішіндегі жол жиектерінде өсіп кеткен шөптер шабылып, жол бойлары тазартылды. Сонымен қатар, екі көрші округті байланыстыратын жол аралықтарының бойларында тазалық жұмыстары жүргізіліп, шашылған қоқыстар жиналды.
Аталған жұмыстарға округ тұрғындары мен тиісті мекеме қызметкерлері белсенді қатысып, ауылдың көркеюіне өз үлестерін қосты. Жол жиектерінің ретке келтірілуі ауыл аумағының көркін жақсартып, тұрғындарға қолайлы әрі таза орта қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Өз тілшіміз


