Құрманғазы ауданына қарасты Көптоғай ауылдық округінде санитарлық тазалықты сақтау, аумақтарды абаттандыру және қоршаған ортаны қорғау бағытында тазалық жұмыстары жүргізілді.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында ауыл тұрғындарынан жиналған тұрмыстық қалдықтар, қурап қалған шөптер және басқа да қоқыстар арнайы техниканың көмегімен шығарылып, белгіленген орындарға жеткізілді. Сонымен қатар, көше бойлары мен қоғамдық аумақтардың тазалығына ерекше көңіл бөлінді.
Тазалық – бір күндік науқан емес, баршаға ортақ жауапкершілік. Ауылдың көркейіп, таза әрі жайлы болуы әрбір тұрғынның қоршаған ортаға деген жанашырлығына байланысты.
Гулдана Бралиева



