«Таза Қазақстан» акциясы аясында Құлсары қаласындағы көпірлердің қоршауларын жуу және тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Жұмыс барысында қоршаулардағы шаң-тозаң мен жиналған ластанулар тазартылып, нысандардың сыртқы келбетін ретке келтіруге көңіл бөлінуде.
Аталған жұмыстар қала аумағын абаттандыру және қоғамдық орындардың тазалығын сақтау бағытында жүйелі түрде жалғасады.
Дәурен Габбасов


