Құлсарыда көше жарығын күтіп ұстау жұмыстары жүргізілді

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Құлсары қаласында көше жарығын күтіп ұстау және қала инфрақұрылымын ретке келтіру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Осыған орай Құлсары қаласы әкімдігі аппаратының мамандары көше жарығын күтіп ұстауға жауапты мердігер мекеме өкілдерімен бірлесіп рейдтік тексеру жұмыстарын жүргізді.

Тексеру барысында қала көшелері мен саябақтардағы жанбай тұрған жарық шамдары анықталып, электр желілеріндегі ақауларға зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Рейд нәтижесінде анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою жөнінде мердігер мекемеге нақты тапсырмалар беріліп, орындалу мерзімі белгіленді.

Қала тұрғындары үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында көше жарығын қалпына келтіру және күтіп ұстау жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты бақылауда болады.

Жылыой-ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT