ДРОН ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ АУМАҚТЫ БАҚЫЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Мақат ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрон жүйесін) пайдалану жобасы жүзеге асырылуда.
 
2026 жылдың сәуір айында Мақат ауданының әкімдігі мен «Қазақтелеком» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, алғашқы дрон мамыр айында Мақат кентінде, тамыз айында Доссор кентінде іске қосылды.
Бүгінде аталған жүйе Мақат, Доссор кенттері мен Бәйгетөбе ауылылының аумағындағы заңсыз тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын анықтау бойынша тұрақты мониторинг жүргізуде.
Нәтижесінде:
- 262 құқық бұзушылық анықталды;
- 195 ескерту берілді, олардың барлығы бойынша кемшіліктер толық жойылды;
- 65 айыппұл салынып, бюджетке 3 014 000 теңге өндірілді.
Бұл жүйе экологиялық бақылаудан бөлек, қоғамдық әрі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған заманауи цифрлық шешім болып табылады.
Жобаның басты міндеті әкімшілік шаралар қолдану немесе айыппұл салу емес, аумақтың экологиялық тазалығын қамтамасыз ету, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру және өңірдегі экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады.
 
МТ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT