Доссорда заңсыз қоқыс тастаған тұрғынға айыппұл салынды

Мақат ауданында қоршаған ортаның тазалығын сақтау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында рейдтік-профилактикалық іс-шара өткізілді.

Мақат аудандық полиция бөлімі мен аудан әкімдігі қызметкерлері бірлесіп ұйымдастырған рейд барысында Доссор кентінің аумағы тексерілді. Нәтижесінде белгіленбеген орындарға қоқыс тастау және рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін қалыптастыру фактілері анықталды.

1001716666

Анықталған құқық бұзушылық бойынша кінәлі тұлғаға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Мұндай рейдтер «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы мен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған.

Тазалық тек коммуналдық қызметтердің емес, әр тұрғынның ортақ жауапкершілігі емес пе?!

Майра ЕРҒАЛИ

1001716664
1001716667

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT