АУДАН ТАЗАЛЫҒЫ - БАСТЫ НАЗАРДА

“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында Мақат ауданының аумағында санитариялық тазалық пен экологиялық жағдайға тұрақты мониторинг жүргізілуде.
 
Бұл ретте елді мекендердің аумағына дрон арқылы әуеден бақылау жүргізіліп, қоқыс үйінділері, заңсыз қоқыс төгілген орындар және санитариялық талаптардың бұзылуы жедел анықталуда.
 
Мониторинг барысында әрбір анықталған мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылданып, сенбілік және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
 
Бұл бағыттағы бақылау жұмыстары тұрақты түрде жалғасын табатын болады.
 
МТ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT