«Арман» мәдениет үйі ұжымы тазалық жұмыстарын жүргізді

Қызылқоға ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында «Арман» мәдениет үйінің ұжымы мекеме аумағында тазалық жұмыстарын ұйымдастырды. 

Шара барысында аумақ қоқыстан тазартылып, айнала көркейтіліп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Тазалықты сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті. Осындай игі бастамалар ауылдың көркін арттырып, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. 

К.ӘБІШ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT