Жылой ауданында "Жылыой Тазалық" мекемесінің қызметкерлері аудан аумағында санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстарын талапқа сай жүргізіп келеді. Қазіргі таңда мекеме мамандары «Таза Қазақстан» акциясы аясында қала аумағындағы өсіп кеткен шөптерді шауып, ретке келтіру жұмыстарын атқаруда.
Аталған жұмыстар елді мекеннің көркін жақсартып қана қоймай, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған. Мамандар көшелер мен қоғамдық орындардың тазалығын қамтамасыз етіп, аумақтарды қоқыстан тазалау және абаттандыру жұмыстарын да жүйелі түрде жүргізуде.

Тазалықты сақтау – тек жауапты мекемелердің емес, барша тұрғынның ортақ міндеті. Сондықтан әр тұрғын өз ауласын, үй маңын таза ұстап, қоршаған ортаға жанашырлықпен қараса, ауданның ажары да арта түсері сөзсіз.
А. Махамбетова


