Құрылтай сайлауы жастарға қандай мүмкіндік береді?

23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарын сайлау елдің саяси жүйесін жаңартып қана қоймай, жастардың да қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді араласуына мүмкіндік береді.

Президент жанындағы Ұлттық комиссия мүшесі, «TechnoWomen» басқарма төрайымы, экономика ғылымдарының кандидаты Азиза Шужееваның пікірінше, жастардың мәселесі тек жұмыс пен баспанамен шектелмейді. Сапалы білім, жаңа технологияларға қолжетімділік, кәсіпкерлік, цифрлық құқық, психологиялық қауіпсіздік және өңірлердегі мүмкіндіктер теңсіздігі де маңызды.

Сарапшы жастардың мүддесі заң қабылданғаннан кейін емес, заң жобасы әзірленген кезден бастап ескерілуі керек деп санайды.

Сонымен қатар жастардың үні шешім қабылдау үдерісінде кеңінен естілуі қажет. Бұл ретте студенттермен қатар, ауыл жастары, жас кәсіпкерлер, IT мамандары, шығармашылық және жұмысшы жастардың пікірін ескеру маңызды.

Яғни Құрылтай жастар үшін – өзекті мәселелерін көтеріп, шешім қабылдау үдерісіне тікелей араласуға мүмкіндік беретін жаңа алаң болуы мүмкін.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT