Жылыойда жол апатына ұшыраған көліктер шеруі өтті

Жылыой ауданында «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» апталығы аясында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шара өтті.

Патрульдік полиция рота қызметкерлері жедел жәрдем, Төтенше жағдайлар бөлімі және қоғамдық көлік жүргізушілерімен бірлесіп, жол апатына ұшыраған көліктерді көрнекі түрде орналастырып, шеру ұйымдастырды.

Іс-шара барысында жол апаттарының ауыр зардаптары көрсетіліп, тұрғындарға жол қозғалысы ережелерін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жолдағы қауіпсіздік әр адамның жауапкершілігі!

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT