Жол қауіпсіздігі: көлік басқару құқығынсыз автокөлік басқарған жүргізуші анықталды

Атырау қаласы аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері рейдтік іс-шаралар өткізуде.

Іс-шара барысында 16 тамыз күні сағат 10:55 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері ВАЗ-2111 маркалы автокөлікті тоқтатып, 30 жастағы жүргізушісінің көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, автокөлік басқарғанын анықтады.
Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты көлік құралын басқару құқығынан айрылған жүргізушінің көлік құралын басқаруы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалдары мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды.

Полиция жүргізушілерге көлік құралын масаң күйде басқармауды, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және жол қауіпсіздігі талаптарына жауапкершілікпен қарауды ескертеді.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT