Атырау халықаралық әуежайына Таяу Шығыстан эвакуацияланған тағы 184 қазақстандық келіп қонды. Жолаушылар Біріккен Араб Әмірліктері мен Катардан жеткізілді.
Рейс Жидда – Атырау – Алматы бағыты бойынша Air Astana әуе компаниясының A321 ұшағымен орындалды. Эвакуацияланған азаматтарды әуежайда жақындары мен жауапты қызмет өкілдері қарсы алды.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағында әлі де қазақстандықтар бар. Қазіргі уақытта ведомство жағдайды бақылауда ұстап, азаматтардың өтініштерімен жұмыс жүргізуде. Қажет болған жағдайда эвакуациялау шаралары жалғасады.
Қазіргі қалыптасқан жағдайда өз азаматтарын елге қайтару жұмыстарын ұйымдастырып жатқан алғашқы мемлекеттердің бірі – Қазақстан. Бұл Мемлекет басшысының қай кезде де отандастарымыздың қауіпсіздігін басты назарда ұстайтынын көрсетеді.
Нұргүл Насыр

